“ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ: БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАМЫЗҒА ЖАЛПЫ МІНДЕТ!”
Қызылорда қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен “Бақытты және қауіпсіз балалық шақ” жобасы мен “Ата-ана міндеті – бала тәрбиесі” акциясы аясында жайлы мектебімізде кезекті кездесу өткізілді.
Кездесуге ата-аналар, мектеп ұстаздары мен жауапты сала мамандары қатысты. Шара аясында отбасындағы тәрбиенің рөлі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, зорлық-зомбылықсыз орта қалыптастыру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды.
Түсіндіру жұмыстары барысында бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, қауіпсіз және сенімді орта қалыптастырудың маңызы ерекше атап өтілді.
Кездесудің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын нығайту, ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара байланыс пен жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта құру.
Жауапты қоғам – қауіпсіз балалық шақтың негізі!
Кездесуге Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Алдабергенов Алмат Бауыржанұлы келіп, ата-аналармен және мектеп ұжымымен еркін форматта пікір алмасып, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
#ЗаңжәнеТәртіп
#Заңүстемдігі
#Заңбәрінеортақ
#АдалАзамат
#Жауапкершілік
