ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПСІЗ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРІ — БҮГІНГІ БАЛАНЫҢ ҚАУІПСІЗ ЕРТЕҢІ!
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Қызылорда облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) 2025 жылғы 20 мамырдағы №673 хатына сәйкес «Қазақстан балалары» облыстық іс-шаралар жоспарының 22-тармағы негізінде жайлы мектебімізде маңызды танымдық сабақ өткізілді.
ІТ саласының мамандары Ө. Рахатов пен А. Серік оқушыларға интернет желісіндегі қауіптер туралы, жеке деректерді сақтау, әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, онлайн алаяқтардан қорғану және кибербуллингтің алдын алу жөнінде маңызды ақпараттар берді.
Бұл сабақ оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, оларды интернет кеңістігінде қауіпсіз және жауапты әрекет етуге үйретті.
Цифрлық қауіпсіздік – болашаққа жасалған маңызды қадам!
#ЖайлыМектеп
#ҚазақстанБалалары
#ЖелідегіҚауіпсіздік
#ЦифрлықСауаттылық
#БаланыҚорғауКүні




