Skip to content

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА Жайлы мектебімізде 9-сыныптарға аттестат тапсыру…

ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жайлы мектебімізде 9-сыныптарға аттестат тапсыру рәсімдері сәтті өтті. Осыған байланысты жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында күшейтілген рейдтік шаралар ұйымдастырылуда.

Рейдтік жұмыстарға құқық қорғау органдарының өкілдері, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері және ерікті жастардан құрылған кезекші топтар жұмылдырылып, жауапты аумақтарға бекітілді.

Іс-шара барысында:
-Қоғамдық тәртіпті сақтау;
-Түнгі мезгілде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз жүруге жол бермеу;
-Суға шомылу қауіпсіздігі;
-Жолда жүру ережелері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, қала көшелері мен қоғамдық орындарда түнгі рейдтер ұйымдастырылып, профилактикалық әңгімелер мен ескертулер берілді. Су тораптарында да қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, тиісті бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Аталған шаралар жасөспірімдердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *