Skip to content

🌿✨ ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕГІ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ: “ӘЖЕ МЕН НЕМЕРЕ” САЙЫСЫ ✨🌿…

🌿✨ ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕГІ ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ: “ӘЖЕ МЕН НЕМЕРЕ” САЙЫСЫ ✨🌿

🏫💖 Жайлы мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптейтін ерекше жылулыққа толы “Әжелер көңілдің ажары, немере өмірдің базары” атты сайысы өтті! Бұл шара бастауыш сынып оқушылары мен олардың асыл әжелерін жақындастырып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғыртуға бағытталды.

👵🏻💕👧🏻 Сайыс барысында әжелер мен немерелер өз өнерлерін ортаға салып, 🎶 терме айтып, көркем сөз оқып, ұлттық тағамдар 🍲 дайындады. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттап, тұсау кесу, бесікке салу, қырқынан шығару, құйрық-бауыр тарту, сәбиге есім қою, қонақ шақыру секілді дәстүрлердің көріністерін көрсетті. 🧩 Қатысушылар бұл дәстүрлердің мән-мағынасын түсіндіріп, оның тәрбиелік жағын насихаттады.

🎭 Көңілді атмосфера, жанды әңгімелер, қазыналы кеңестер – бәрі-бәрі осы кештің айрықша естеліктеріне айналды. 🌟 Әжелеріміздің даналығына, немерелеріміздің тапқырлығына тәнті болдық!

👏🏻 Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! 💫 Осындай шаралар арқылы біз ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптейміз!

#ЖайлыМектеп 🏡 #ӘжеМенНемере 👵🏻👧🏻 #ҰлттықҚұндылықтар 🇰🇿 #СалтДәстүр ✨ #ЖүрекЖылуы ❤️

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *