ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕ – ЖАНҒА ЖЫЛУ СЫЙЛАҒАН ШАРА!
«МЕНІҢ ОТБАСЫМ – МЕНІҢ БАЙЛЫҒЫМ» КІТАП АЛМАСУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ!
Отбасы – әр адамның тірегі, ал кітап – рухани байлығымыздың қайнар көзі. Осы екі асыл құндылықты тоғыстырған ерекше шара – «Менің отбасым – менің байлығым» атты отбасылық кітап алмасу мерекесі Жайлы мектебінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды!
Шара аясында әр отбасы өздерінің сүйікті кітаптарын ала келіп, оларды басқа отбасылармен алмасты. Кітап ішіне жазылған жүрекжарды тілектер мен әсерлі естеліктер шараны ерекше әсерге бөледі. Бұл – жай ғана кітап алмасу емес, бұл – рухани үндестік пен ұрпақтар сабақтастығының көрінісі!
Шараның басты мақсаты – отбасы мен баланың арасындағы байланыс пен оқуға деген ынтаны арттыру, кітаптың адам өміріндегі орнын тереңірек ұғындыру болды.
Бұл шара бір күндік акция емес – бұл рухани жаңғырудың бастауы, жүрек пен жүректі жалғайтын көпір!
Жайлы мектеп – тек білім ордасы ғана емес, құндылықтар мен жылулықтың мекені!
#МеніңОтбасымМеніңБайлығым
#ЖайлыМектеп
#РуханиБайлық
#КітапАлмасу2025
#ОтбасыҚұндылықтары
#ЖүректенЖүрекке



