ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ 🔥👮♂️📢
Жайлы мектебімізде 7-10 сынып оқушыларына Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Секербек Бекнұр Нұрқанатұлы және Жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Примжарова Фариза Жұмабергенқызы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🚔 Кездесудің басты тақырыптары:
✅ Ұрлықтың алдын алу
✅ Интернет алаяқтықтан сақтану
✅ Топтық төбелес және құқықбұзушылықтың салдары
✅ Нашақорлықтың зияны
🔹 Мамандар оқушыларға заң бұзушылықтың салдары мен құқықтық жауапкершілік туралы кеңінен түсіндіріп, өмірлік маңызды ақпараттармен бөлісті. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
⚠️ Заңды білу – өзіңді қорғау! Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
#ЖайлыМектеп #ҚұқықтықСауаттылық #ҚауіпсізМектеп #ЗаңдыБілуӨзІңдіҚорғау
