Skip to content

“ЖАЙЛЫ МЕКТЕП” – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ АЛАҢЫ 2025 жылдың 15…

“ЖАЙЛЫ МЕКТЕП” – ЗАМАНАУИ БАСҚАРУ ТӘЖІРИБЕСІНІҢ АЛАҢЫ

2025 жылдың 15 мамырында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Қызылорда облыстық филиалы ұйымдастырған «Білім берудегі менеджмент» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы аясында Жайлы мектебіміздің директоры Смаханова Мөлдір Дәуренбекқызы орта білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына арналған 1 күндік көшпелі сабақ, дәріс өткізіп, тәжірибесімен бөлісті.

❇️Дәріс барысында Мөлдір Дәуренбекқызы тыңдаушыларды қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер, заманауи мектепті басқару моделіндегі өзекті мәселелер мен шешу жолдары туралы кеңінен ақпараттандырды. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» жобасының мақсаты, іске асырылу барысы, жобаның оқу-тәрбие үдерісіне, мектеп инфрақұрылымына және оқушылар мен мұғалімдерге тигізетін оң әсері жан-жақты талқыланды.

🔰Курс барысында:

🔸«Жайлы мектеп» жобасының концепциясы мен артықшылықтары;
🔹Білім беру ұйымдарын басқарудағы цифрлық сервистер мен цифрлық білім беру мүмкіндіктері;
🔸Мектепті автоматтандырудағы инновациялық интеллектуалды технологиялар
(бұлттық жүйелер, симулятивтік платформалар және нейротехнологиялар);

♻️Сонымен қатар, қатысушылар “Кванториум” инженерлік мектебімен танысып, STEАM-білім берудегі жаңа тәсілдер мен жобалық жұмыстар бойынша практикалық ақпарат алды.

🌐Бұл іс-шара білім беру ұйымдарының басшыларына басқару саласындағы заманауи трендтер мен инновациялық тәсілдерді меңгеруге зор мүмкіндік берді. Тыңдаушылар тарапынан дәріс жоғары бағаланып, практикалық маңыздылығы ерекше атап өтілді.

#Өрлеу2025 #ЖайлыМектеп #БілімМенеджменті #ЦифрлықБілім #ИнновациялықТехнологиялар #КванториумҚызылорда #БасшыБілімі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *