Skip to content

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»-ЕРТЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУДІҢ ТИІМДІ МОДЕЛІ Бүгін Қазақстан Республикасы…

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП»-ЕРТЕ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУДІҢ ТИІМДІ МОДЕЛІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бисембаев Ғани Бектайұлымен бірге өткен республикалық брифингте Жайлы мектебіміздің директоры Смаханова Мөлдір Дәуренбекқызы қатысып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Инженерлік мектеп» моделін таныстырды.

«Инженерлік мектеп» – бұл тек жоба емес, ертеңгі инженерлерді бүгіннен бастап тәрбиелеудің жүйелі жолы.

Мөлдір Дәуренбекқызы өз сөзінде мектептегі жаңа білім беру архитектурасы туралы баяндап, келесі мәселелерге:
🔸Ерте жастан кәсіби бағдар беру мақсатында 2-сыныптан басталған кіріктірілген сабақтар;
🔸8 бағыт бойынша жұмыс жасап жатқан заманауи зертханалар: Наноквантум, Биоквантум, Робоквантум, Аэроквантум, Лазерквантум, Өндірістік дизайн, «Бір қазан» аспаздық шеберханасы және «Оймақ» тігін студиясы;
🔸Жаңа оқу жылында ашылатын Геоквантум, Инженерлік графика және Микроэлектроника зертханалары туралы нақты жоспарлар;
🔸Авторлық қолданбалы курстар мен таңдау пәндері арқылы білімнің практикалық бағыттылығын күшейтуге ерекше тоқталды.

Бүгінгі таңда №290 орта мектебі облыстық білім басқармасының бұйрығымен инженерлік білім беру саласындағы тірек мектеп ретінде бекітіліп, өз тәжірибесін басқа жайлы мектептерге тарату жұмыстарын бастауда.

Осындай ауқымды ұлттық жоба аясында жаңа мектептер салуға бастамашы болғаны үшін Мемлекет басшысына, ҚР Үкіметіне, Оқу-ағарту министріне, облыс әкіміне алғысымызды білдіреміз!

#ЖайлыМектеп
#ИнженерлікМектеп
#ҒаниБисембаев
#СмахановаМөлдір
#ҚызылордаБілімі
#290Мектеп
#ҰлтБолашағы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *