ЖАЙЛЫ МЕКТЕБІНІҢ ЖАС СПОРТШЫСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗ ЖӘНЕ ҮЗДІК БОКСШЫ!
Ұлы Жеңіс күніне арналған 2009–2016 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бокстан халықаралық ашық турнирде Жайлы мектебіміздің 5-сынып оқушысы ҚАБЫЛБЕК ӘБІЛМАНСҰР 46 кг салмақ дәрежесінде I орынды жеңіп алып қана қоймай, «ҮЗДІК БОКСШЫ» номинациясына да ие болды!
Бұл – оның қажырлы еңбегінің, үздік дайындығының және жеңіске деген шексіз құлшынысының айғағы.
Әбілмансұрдың бұл жеңісі – мектебіміздің мақтанышы!
Халықаралық деңгейдегі турнирде қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, тек алтын жүлдені ғана емес, үздік спортшы атағын да иеленуі – зор жетістік.
Сенің жетістігің – қатарластарыңа үлгі, мектебіміздің абыройы, ел мақтанышы!
Алда әлі талай белестер күтіп тұр. Саған сәттілік пен толағай табыс тілейміз!
#ЖайлыМектебі #ЖасЧемпион #ҚабылбекӘбілмансұр #ҮздікБоксшы #ХалықаралықЖарыс #ЖеңісКүні #RuhBoxing #БолашақЧемпион #ҰлтМақтанышы



