Skip to content

📢ЖАЙЛЫ МЕКТЕБІМІЗДІҢ ҰСТАЗДАРЫ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕКТАЙҰЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ. 📍…

📢ЖАЙЛЫ МЕКТЕБІМІЗДІҢ ҰСТАЗДАРЫ ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕКТАЙҰЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ.

📍 2025 жылдың 31 наурызында Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы «Жайлы мектеп» педагогтерімен маңызды кездесу өткізді. Кездесуге Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан №290 орта мектебінің ұстаздары да қатысты.

🔹 Кездесу барысында Жайлы мектептердің тұжырымдамасы және миссиясы таныстырылды.

Жайлы мектептің миссиясы: Оқушы өзін қауіпсіз әрі сенімді сезінетін, қызығушылықпен білім алатын және қолдау мен қамқорлыққа толы ортада дамитын заманауи білім беру кеңістігін қалыптастыру.

«Жайлы мектеп» жобасының негізгі мәселелері жан-жақты талқыланды.

🔹 Ғани Бектайұлы: “Бұл жоба – тек мектеп ғимараттарын жаңарту ғана емес, әр балаға тең мүмкіндік беретін орта құру. Мұнда әр оқушы өз әлеуетін толық ашып, жан-жақты дамитын жағдай жасалады”-деді.

♻️“Мейірімді-басшы, мейірімді-ұстаз, мейірімді-оқушы, мейірімді-ата-ана” қағидасы негізінде жұмыс жасауды ұсынды. Бұл бастама мектептегі қарым-қатынасты нығайтып, білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталады.

✅ Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз және оның іске асуына барынша атсалысуға дайынбыз!

📚 Сонымен қатар, біліктілік санатын арттыру мүмкіндігі үздіксіз дамуды мақсат еткен педагогтерге үлкен үміт сыйлады. Жалпы, бүгінгі кездесу білім саласындағы тың өзгерістерге серпін беріп, ұстаздар қауымының болашаққа деген сенімін нығайтты.

#ЖайлыМектеп #БілімБерудегіЖаңаКөзқарас #290Мектеп #Қызылорда #БолашақБілімменЖарқын

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *