Skip to content

⚜️ЖАЙЛЫ МЕКТЕБІМІЗДЕ ЖАҢА ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ АШЫЛДЫ! 🎉📚 Жайлы мектебімізде білім…

⚜️ЖАЙЛЫ МЕКТЕБІМІЗДЕ ЖАҢА ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ АШЫЛДЫ! 🎉📚

Жайлы мектебімізде білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымдарына арналған жаңа әдістемелік кабинет ашылды. Бұл бастама 100 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандырып, олардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

✨Салтанатты ашылу рәсімінде кәсіподақ ардагері Орынша Міржақыпқызы Әлімбетова, №176 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сәрсенкүл Ырыскелдіқызы Қыпшақбаева және Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асылхан Нұрділдәұлы Қаламбаев әдістемелік кабинеттің тұсауын кесті ✂️✨

⚜️Қалалық білім бөлімінің басшысы Жаннат Мылтықбайқызы Садвакасова мен қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ануза Аманжолқызы Шамшатова жаңа кабинеттің ашылуымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. 💐

Бұл кабинет тәжірибе алмасуға және бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз. 💼📖

Бұл жаңа кеңістік кәсіподақ қызметін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деп үміттенеміз! 🌟

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *