Skip to content

ЖАЙЛЫ МЕКТЕБІМІЗДЕ КӨРІСУ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ! 🤗🎉 Жылы құшақ, ақжарқын…

ЖАЙЛЫ МЕКТЕБІМІЗДЕ КӨРІСУ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ! 🤗🎉

Жылы құшақ, ақжарқын күлкі, сағынысқа толы қауышулар! 💛 Бүгін мектебімізде ерекше жылылық пен мейірімге толы Көрісу күні атап өтілді.

Ұлттық дәстүрімізді ұлықтап, оқушылар мен ұстаздар, әріптестер мен достар бір-бірімен шынайы ықыласпен көрісіп, жаңа күнге, жаңа бастамаларға жақсы көңіл-күймен қадам басты. ✨

Бұл күн – тек қол алысып, төс қағыстыру ғана емес, жүректен шыққан ізгі лебіз, сыйластықтың белгісі! 💞
Жайлы мектебіміздің әрбір бұрышында мейірімділік орнап, айнала нұрға бөленгендей болды. ☀️

Осылайша біз – үлкен, біртұтас ЖАЙЛЫ ОТБАСЫ екенімізді тағы да дәлелдедік! 🏡💖

Бірлігіміз бекем, мейіріміміз шексіз болсын! 🤲

#КөрісуКүні 🤝
#ЖайлыМектеп 🏫
#БерекеБірлікте 💫
#ЖылыҚұшақ 🤗

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *