🔹 ҰСТАЗДАРДЫҢ КӘСІБИ ДАМУЫ: ЖАҢАШЫЛДЫҚ, ТӘЖІРИБЕ, МҮМКІНДІК 🔹
Жайлы мектептің ұстаздары кәсіби дамудың жаңа белестерін бағындыруда! 🚀✨
Көктемгі демалыс кезінде мұғалімдердің уақытын тиімді пайдалану, кәсіби қолдау көрсету мақсатында “Өрлеу” кәсіби даму институтының аға оқытушысы, тәжірибелі тренер Кусеинов Серик Абсадыкович ұстаздарымызға әдістемелік қолдау көрсетіп, маңызды бағыттар бойынша семинар өткізді:
💡 “Ұстаз” платформасы қазіргі қоғамда
📚 Авторлық бағдарламаның қазіргі талабы мен ерекшеліктері
Кездесу барысында педагогтер білім берудегі жаңа мүмкіндіктермен танысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. 🎓🔍
Ұстаздық шеберлікті арттыруға арналған осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасады! 💙✨
#ЖайлыМектеп #КәсібиДаму #Өрлеу #Ұстаз #ЖаңашылБілім #ҮздікҰстаздар 🚀👏
