Skip to content

ҰСТАЗ – ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ! Білім саласының ардагері, ұлағатты ұстаз Баймағанбетова…

ҰСТАЗ – ЖАҢАШЫЛДЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ!

Білім саласының ардагері, ұлағатты ұстаз Баймағанбетова Зауре Зейнуллаевнаның құрметіне арналған
қалалық мұғалімдер арасындағы “ГОРИЗОНТЫ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ ИННОВАЦИЙ” шығармашылық байқауында,
білім мен жаңашылдықты ұштастырып,
кәсіби біліктілігі мен тың әдістемелік шешімдері арқылы
оқушылардың жүрегіне жол таба білген
Жайлы мектебіміздің орыс тілі пәнінің мұғалімі – Асадуллаева Ақмарал
жүлделі II орын иеленді!

Бұл жеңіс – ұстаз еңбегінің әділ бағасы,
шығармашылық пен жаңашылдықтың тоғысқан сәті!

Ақмарал ұстаз – сабақта инновация, жүректе шабыт, әр ісінде жаңаша серпін!
Ол тек тілді үйретіп қана қоймай, оқушыларын еркін ойлауға, шабыттануға және өзіне сенуге баулиды.

Ұстазымызды шын жүректен құттықтай отырып,
алда бұдан да биік шыңдарды бағындыра беруіне тілектеспіз!

#ЖайлыМектеп #ПедагогикалықГоризонттар #АсадуллаеваАқмарал #ҰстазЖарысы #ЖаңашылҰстаз #БілімЖолындағыЖеңіс

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *