👩🏻🏫«USTAZ» фильмі
🏫Ұстаз – қай заманда да қадірлі, қасиетті тұлға. Бейсен Құранбектің идеясы негізінде түсірілген «Ұстаз» фильмі осы мәртебені айқындай түсті. Фильмде туған ауылына оралған жас мұғалімнің шәкірттерін білімге баулып, олардың өмірге көзқарасын өзгертудегі еңбегі әсерлі суреттеледі.
💫Ұстаз тек білім беруші емес, ол – оқушының арманына қанат бітіріп, қиын сәтте қолдаушы. Фильмде педагогтың түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, адами құндылықтарды сіңіруі, қиын оқушылармен жұмыс жасап, нәтижеге жетуі шынайы көрсетілген.
🧑🏻🏫Жайлы мектеп ұстаздары бұл фильмді тамашалап, үлкен әсер алды. Нағыз ұстаздың еңбегі – ұлы миссия!
✨#ҰстазҚадірі
📚#БейсенҚұранбекИдеясы
🌟#ЖаңашылПедагог




