✨ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ! ✨
📍 Жайлы мектебімізде бүгін, 17 наурыз – Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай ерекше шара өтті! 🎉
🔹 Тарих, биология, химия, география және бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қазақтың қастерлі дәстүрлерінің бірі – “Тұсау кесер” рәсімі өткізілді. 👣✂️
Тұсау кесу – құт-береке,
Баланың әр кез жолы ашылсын!
Қадамы нық, бағыты айқын,
Келешегі жарық болсын! ✨
Бұл дәстүр – сәбидің ертеңгі қадамына сәттілік тілеп, өмір жолында сүрінбей, тек жақсылыққа ұмтылсын деген ниетпен жасалатын ерекше рәсім. Осындай шаралар арқылы ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, жас ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру – Жайлы мектебіміздің басты мақсаттарының бірі! 🇰🇿💛
#ЖайлыМектеп 🏫
#МәдениетЖәнеСалтДәстүр 🎭
#ТұсауКесер 👣
#ҰлттықҚұндылық 💫
