📚ТӘЛІМГЕРЛІК – ҰРПАҚТАР САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ АЛТЫН КӨПІРІ
Жайлы мектебімізде жас педагогтарды кәсіби тұрғыда қолдау, бағыт беру – басты назарда. Осы жолда тәжірибелі ұстаз бен жас маман арасындағы тұрақты диалог пен ынтымақтастыққа негізделген тәлімгерлік жүйесі табысты жүзеге асуда.
Тәлімгер мен жас мұғалімнің кездесулері барысында тәжірибе алмасу, кәсіби қиындықтарды талқылау, ұсыныс айту, кері байланыс беру арқылы жас педагог педагогикалық құндылықтар мен стандарттарды бойына сіңіріп, ортаға бейімделе түседі.
🔹 Бүгінде тәлімгерлік – педагогикалық ұжымның біртұтас мәдениетіне айналды.
🔹 Бұл үрдіс шығармашыл әрі кәсіби ынтымақтастық орта қалыптастырып, мектеп қабырғасында сенімді, шынайы, сапалы мұғалімдер қауымын құруға жол ашты.
✨ Ұрпақ жалғастығы үзілмей, тәжірибе мен білім сабақтастығы жалғаса берсін!
#тәлімгерлік #педагогқолдауы #ұстаздарқауымы #мектепөмірі #педагогика
