Skip to content

“САНАЛЫ ТАҢДАУ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ”✅ 🔰Жайлы мектебімізде 7-10 сынып оқушыларына “Жасөспірімдер арасындағы…

“САНАЛЫ ТАҢДАУ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ”✅

🔰Жайлы мектебімізде 7-10 сынып оқушыларына “Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге №1 емхананың психологы Ш. Бәкірова, жалпы тәжірибелік дәрігері С.Б. Әбубакирова, сондай-ақ мектеп психологтары А.Ж. Асарбекова және Д. Төлеп қатысып, маңызды ақпараттармен бөлісті.

Кездесу барысында:
✅ Ерте жүктіліктің физикалық және психологиялық салдары
✅ Жасөспірімдік кезеңдегі қауіп факторлары
✅ Жауапкершілік пен саналы таңдау жасау маңыздылығы
✅ Алдын алу шаралары мен қолжетімді көмек ресурстары талқыланды.

Оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Осындай кездесулер жасөспірімдердің денсаулығы мен болашағына бейжай қарамауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.

#ЖайлыМектебіміз
#ЖасөспірімДенсаулығы
#ЕртеЖүктіліктіңАлдынАлу
#ПсихологиялықҚолдау

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *