РУБРИКА: ИНЖЕНЕРЛІК СЫНЫПТЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ДАМИР МЕН РАСУЛ ДРОНМЕН ЖҰМЫС ЖАСАП, ТӘЖІРИБЕ ҰСЫНДЫ!
Инженерлік мектептің “АэроКвантум” зертханасының оқушылары Дамир мен Расул дрондарды басқару және бағдарлау бағытында тәжірибе жасап, өздерінің инженерлік қабілеттерін көрсетті.
Олар ұшқышсыз ұшу аппаратын нақты маршрут бойынша бағдарлап, түрлі кедергілерден өту мүмкіндігін сынақтан өткізді. Бұл жұмыс оқушылардың техникалық машықтарын жетілдірумен қатар, ұшқышсыз авиация саласына деген кәсіби қызығушылықтарын арттырды.
Осындай жобалар арқылы біз оқушыларға ерте жастан кәсіби бағдар беріп, болашақ Авиация саласының мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етеміз.
#аэроКвантум #дрон #оқушытәжірибесі #жасинженер #ертеКәсібиБағдар
#проекттерәлемі #кадровыйрезерв
