“РОБОКВАНТУМ!” ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІ
Техникалық шығармашылық және өнертапқыштық бағытындағы Республикалық жарыстың қалалық кезеңінде «Жайлы мектептің» дарынды оқушысы Төребек Нұрмұхамед жүлделі III орынға ие болды!
Бұл жетістік — еңбектің, ізденістің, шығармашылық пен “РОБОКВАНТУМ” зертханасындағы нәтижелі жұмыстың айқын көрінісі. Ерте кәсіби бағдар беру аясында жас өнертапқыштардың қабілетін ұштап, бағыт-бағдар берудің маңыздылығы тағы бір мәрте дәлелденді.
Жетекшісі: Рахатов Өтеміс — шәкіртінің бойындағы талантты ұштап, әрдайым қолдау білдіріп жүрген ұстаз. Ұстаз бен шәкірт арасындағы үйлесімділік пен мақсатқа деген табандылық осындай жарқын нәтижеге жеткізеді.
Жарайсың, Нұрмұхамед! Жаңа белестер мен үлкен жеңістерге жете бер!
#ЖайлыМектеп
#ТехникалықШығармашылық
#Өнертапқыш2025
#ЖасДарын
#ҚалалықЖарыс
#ЖетістікЖолы
#РОБОКВАНТУМ
#ЕртеКәсібиБағдар

