⚜️МЕКТЕП ТӘРТІБІН САҚТАУ ЖӘНЕ ОҚУ ОРТАСЫН ЖАҚСАРТУ ⚜️
🔰”Жайлы мектепте” 7-10 сынып оқушыларына арналған мектеп тәртібі жөнінде жиналыс өтті
📅 Бүгін 7-10 сынып оқушылары арасында мектеп тәртібіне байланысты жиналыс сәтті өтті. Жиналыста оқушыларға мектеп ережелері мен тәртіп талаптары туралы түсіндіріліп, маңызды мәселелер талқыланды.
♻️Жиналыс барысында қаралған тақырыптар:
🔹Мектеп формасын сақтау және сабаққа уақытында келу
🔹Оқушылардың сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы мінез-құлқы
🔹Қауіпсіздік ережелері мен оқушылардың жауапкершілігі
🔹Оқушылар арасындағы сыйластық пен өзара түсіністік мәдениеті
🔶Оқушылар өз пікірлерін ортаға салып, мектеп өмірін жақсарту бойынша ұсыныстарын білдірді. Мектеп әкімшілігі тарапынан оқушылардың білім алуына қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында қосымша шаралар қарастырылды. Мұндай кездесулер оқушылардың белсенділігін арттырып, мектеп өміріне тереңірек араласуға мүмкіндік береді деп сенеміз.
🔷Тәртіп — табысты білімнің негізі!
#біртұтастәрбие #bilimkzo #mektep290








