Skip to content

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! «Антиконтрафакт» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған «Контрафактіге бірге қарсымыз» тақырыбындағы…

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

«Антиконтрафакт» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған
«Контрафактіге бірге қарсымыз» тақырыбындағы өңірлік фотосурет байқауына Жайлы мектебіміздің оқушысы Бахтияр Дамира Қанатқызы қатысып, «ҮЗДІК ФОТОСУРЕТ» номинациясы бойынша жеңіске жетті!

Мадақтама Қызылорда облысы Әділет департаменті тарапынан табысталды.

Оқушымыздың бұл жетістігіне бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен жетекшісі —
Тоқтамысова Эльмира Медетбаевнаға алғысымыз зор!

Бұл жеңіс — мектебіміздің абыройын асқақтатқан зор қуаныш!
Жас дарындарға шабыт, шығармашылыққа серпін берген осындай байқаулар көп болғай!

Мақтанышымыз — Дамира!
Мектебіміздің биік белестері жалғаса берсін!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *