ҚҰРА! БАҒДАРЛА! ҰШЫР! — “РОБОКВАНТУМ” ЖӘНЕ “АЭРОКВАНТУМ” ИНЖЕНЕРЛІК ШЕБЕРХАНАЛАРЫ!
“КВАНТОРИУМ” инженерлік мектебі – болашақ мамандар шеберханасы!
🔹 Жайлы мектебіміздегі КВАНТОРИУМ – оқушылардың қабілеті мен қызығушылығын ерте анықтауға бағытталған кәсіби бағдар алаңы. Ал оның техника мен технологияны ұштастырған бөлімдері – “РОБОКВАНТУМ” және “АЭРОКВАНТУМ” инженерлік шеберханалары!
♦️ ЖОБАНЫҢ МАҚСАТЫ:
Оқушыларды робототехника, аэротехнология, 3D модельдеу және VR көзілдірігі сынды заманауи технологиялармен таныстырып, жобалау, құрастыру, модельдеу, басқару дағдыларын дамытып, болашақ инженерлік бағыттарға алғашқы қадам жасауға мүмкіндік беру.
✨ Инженерлік сыныпта:
🔸 Робототехника – логика мен дәлдіктің ұштасуы
🔸 Ұшқышсыз аппараттар (дрондар) – қиял мен нақты ғылымның тоғысы
🔸 Бағдарламалау – ой мен алгоритмнің үйлесімі
🔸 3D модельдеу – болмысты сандық кеңістікте бейнелеу
🔸 Инженерлік дизайн – шығармашылық пен технологияның көрінісі
🔸 VR көзілдірігі – білімді виртуалды кеңістікте меңгеруге арналған заманауи құрылғы
🧠 Әр оқушы – болашақ инженер!
✋ Әр қол – технологияға жан бітірер шебер қол!
⚙️ Әр жоба – қиял мен еңбекпен жасалған жетістік!
“РОБОКВАНТУМ” мен “АЭРОКВАНТУМ” – бұл:
✅ STEАM бағытында оқушыны дамытатын заманауи білім кеңістігі
✅ Қарапайым идеядан – ұшатын, қозғалатын нақты құрылғыға дейінгі жол
✅ Ұшуды армандаған оқушының арманын аспанға ұшыратын орда!
Бүгінгі оқушы – ертеңгі инженер, робот жасаушы, ұшқышсыз құрылғылар маманы!
КВАНТОРИУМ – сол жолдың бастауы!
#Кванториум2025 #ЖайлыМектеп
#РобоКвантум #АэроКвантум
#STEMxTECH #БолашақИнженерлер
#ИнновацияАлаңы #ҚиялданҚұрылғыға
#КәсіпкеҚадам #ТехнологияӘлемі
#кадровыйрезерв #3Dмодельдеу #VRкөзілдірігі
