Skip to content

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ Жайлы мектебімізде Қызылорда облысы Полиция…

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ

Жайлы мектебімізде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі, полиция майоры Райханов Ильяс Алибиевичтің қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында танымдық кездесу өткізілді.

Кездесу барысында оқушыларға құқықтық мәдениет негіздері, құқықбұзушылықтың түрлері мен салдары, сондай-ақ жасөспірімдердің қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі жөнінде кең көлемді ақпарат ұсынылды. Полиция майоры өз тәжірибесіне сүйене отырып, нақты деректер мен мысалдар арқылы оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған мазмұнды әңгіме жүргізді.

Мұндай тәрбиелік шаралар өскелең ұрпақтың бойында заңға деген құрмет пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруда, олардың құқықтық санасын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Іс-шара соңында оқушылар қонаққа өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық диалог форматында пікір алмасты. Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар үшін пайдалы әрі әсерлі болды.

#ҚұқықтықСананыҚалыптастыру #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу #ҚызылордаПолициясы #ЖайлыМектеп #ТәрбиеЖолында #ҚауіпсізОртаныҚалыптастыру

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *