ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕКТАЙҰЛЫ БЕЙСЕМБАЕВ ЖАЙЛЫ МЕКТЕБІМІЗГЕ АРНАЙЫ КЕЛДІ !
Жайлы мектебімізде тарихи әрі тағылымды сәттердің куәсі болдық. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев білім ордасына арнайы келіп, бірқатар маңызды шараларға қатысты.
– «Ұстаздар галереясының» ашылу рәсімі.
Ғани Бектайұлы Сыр өңіріндегі «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағының иегерлерімен, әр жылдардағы «Үздік педагог» республикалық конкурсы жеңімпаздарымен кездесіп, “Ұстаздар галереясының» ашылу салтанатына қатысты. Кездесу барысында білім саласындағы жаңалықтар мен даму бағыттарына, педагог мәртебесін жоғарылату бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– “Инженерлік мектеп” жобасының таныстырылымы.
Жайлы мектебіміздегі жүзеге асырылып жатқан инновациялық жоба – оқушылардың ғылыми-зерттеуге, сапалы инженерлік білім алуына негізделген.
Ғани Бектайұлы “Инженерлік мектеп” жобасы аясындағы арнайы зертханалар жұмысымен, инженерлік сыныптардағы оқушылардың техникалық-конструкторлық, жаратылыстану-математикалық және т.б. құзіреттілігін арттыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында оқушылардың ерте жастан кәсіби бағдарлануының мектепте басым бағыт ретінде таңдалуына, инженерлік білім алудың маңыздылығына оң бағасын берді.
“Ұстаздар галереясы” – ұстаз еңбегіне деген шынайы құрмет пен ұрпаққа үлгі болатын тағылымды бастама!
“Инженерлік мектеп” жобасы – әрбір оқушының білікті маман болып қалыптасуының алғышарты!
#ЖайлыМектеп #ҒаниБейсембаев #ҰстазҒұмыры #СырБілім #БілімЖолы #ҰстазғаҚұрмет




















