КӨШБАСШЫЛЫҚ. ЖАҢАШЫЛДЫҚ. ЖЕҢІС. ✨🏆🚀
Қызылорда қаласы білім бөлімі мен қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен білім беру ұйымдары басшыларының инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау, тарату, білім жүйесіндегі мәртебені көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында өткен «Бір мектеп – бір жоба» облыстық байқауының қалалық кезеңінде мектебіміз үшін үлкен жаңалық болды!
Білім мен жаңашылдықтың тоғысқан тұсында
өзінің көшбасшылық болмысымен дараланып,
өзгелерге бағыт, ұжымына шабыт бола білген
Смаханова Мөлдір Дәуренбекқызын
«Бір мектеп – бір жоба» байқауына қатысып
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталған зор қуанышымен
шын жүректен құттықтаймыз! 🎉👏
Бұл байқау – жай ғана жарыс емес. Бұл – білім көшін алға сүйрейтін
нағыз көшбасшылардың алаңы. 💡📚
Байқаудың басты мақсаты – жаңашылдықты қолдау, кәсіби тәжірибені тарату
және білім беру жүйесіндегі нақты өзгерістерге жол ашу болатын.
✨ 1-кезеңде – кәсіби шеберлікпен сабақ өткізіп,
педагогикалық әдіс-тәсілдерінің озықтығын көрсетті.
✨ 2-кезеңде – «Кванториум» инженерлік мектебі атты
STEM бағытындағы инновациялық жобасын табысты қорғады.
Бұл жоба – оқушылардың техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамытатын ерекше платформа! ⚙️🎨
Озық жобалардың ішінен суырылып шығып,
үздік 5 жобаның қатарына еніп,
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталуы –
еңбектің еленуі, көшбасшылықтың мойындалуы,
алға бастар ұмтылыстың айқын дәлелі! 🌟💪
Сізбен мақтанамыз, Мөлдір Дәуренбекқызы!
Әрбір табысыңыз – біздің ұжым үшін мотивация!
Жаңа белестер, жаңа мүмкіндіктер, жаңа жеңістер әлі алда! 🚀📈
#Көшбасшы 💼
#БірМектепБірЖоба 🏫
#ЖайлыМектеп 🧠
#ҚұрметГрамотасы 📄
#ЖаңашылБасшы 💡
#STEMбілім
#КванториумЖобасы ⚙️
#БілімменБиікке ⛰️
#Мақтаныш 🙌

