КЕЗЕКТЕН ТЫС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС: ЖАУАПКЕРШІЛІК, ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ОРТАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – БАСТЫ МІНДЕТ
Педагогикалық әдеп пен оқушы қауіпсіздігі – басты назарда
2025 жылғы 14 мамыр күні Жайлы мектебімізде кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселелер:
1. Мектепте педагогикалық әдеп қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды және ҚР заңнамасындағы шектеулерді сақтау;
2. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту.
Мектеп директоры М.Д.Смаханова педагогикалық әдеп нормаларын сақтау, қызметтік міндеттерді орындау барысында және қызметтен тыс уақытта, сондай-ақ әлеуметтік желілерде педагогтың кәсіби мәдениетін ұстану мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Педагогикалық кеңес барысында педагогтер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдептің кейбір мәселелері туралы» нормативтік құжатпен таныстырылып, ондағы талаптарды бұлжытпай орындаудың маңыздылығы атап өтілді.
Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі әрі тұрақты түрде жүргізуге ниетті.
Қауіпсіз орта – сапалы білім мен мәдениетті ұрпақтың кепілі!
#педагогикалықкеңес #жайлымектеп #біртұтастәрбие #bilimkzo #bilimqzo



