📍 КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫНДАҒЫ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ — КӘСІБИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НЕГІЗІ
🗓 13 маусым күні мектебімізге Батыс Қазақстан облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің мүшелері тәжірибе алмасу мақсатында іссапармен келді.
🔹 Қонақтар Инженерлік мектеп жобасы аясында атқарылған жұмыстармен және мектептің ішкі базасымен танысты.
🔹 Сонымен қатар, мектебіміздің базасында орналасқан бастауыш кәсіподақ ұйымының кабинеті мен ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстар таныстырылды.
🔹 Іс-шара барысында Қызылорда қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Шамшатова Ануза Аманжолқызы жыл бойында атқарылған жұмыстар бойынша кеңінен баяндама жасады.
🤝 Бұл кәсіби кездесу өңіраралық кәсіподақ ұйымдары арасындағы өзара байланыс пен тәжірибе алмасудың жарқын үлгісіне айналды. Қонақтар жылы қабылдауға алғыс білдіріп, болашақта да ынтымақтастық жалғасатынын атап өтті.
#КәсіподақТәжірибе #ИнженерлікМектеп #ҚызылордаБілім #КәсіподақҰйымы #ШамшатоваАнуза #БҚОКәсіподақ #КәсіподақБірлігі #ҰстазЫнтымақтастығы
