Электр самокаттарды қауіпсіз пайдалану ережелерін сақтаңыздар!
🚨 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті электросамокаттарды зарядтау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады!
⚡ Соңғы уақытта самокаттан шыққан өрт оқиғалары артты. Үй ішінің қауіпсіздігі үшін келесі ережелерді еске саламыз:
🔌 Зарядтағыш – тек түпнұсқа болу керек!
Жалған құрылғы – батареяның қызып, жарылуына себеп болады.
⛔ Самокатты қараусыз қалдырмаңыз;
Түнде немесе үйде ешкім жоқ кезде зарядтауға болмайды!
🔥 Жанғыш заттардың жанында зарядтамаңыз;
(төсек, перде, жиһаз қасында қауіпті)
🔋 Толық қуатқа жеткізбей тоқтатыңыз;
100%-ға жеткізбей, қуаттауды өшіріңіз
🚫 Ісінген не иісі шыққан батарея – қауіп көзі болып табылатындығын естен шығармайық!
👨👩👧👦 Өз үйіңіз бен жақындарыңыздың амандығы өз қолыңызда!
Қарапайым ережелерді сақтау – үлкен қауіптің алдын алады! ✅


