“ДАНАЛЫҚТЫҢ БҰЛАҒЫ-АТА МЕН ӘЖЕНІҢ ТАҒЫЛЫМЫ! 🌿✨
🔷Жайлы мектебімізде 4-сынып оқушылары үшін ерекше күн болды! “Ата мен әже – тәрбиенің қайнар көзі, даналықтың бұлағы” атты тағылымды кездесу өтті.✨
⚜️ Әжеміз:
❇️Құрақ көрпе мен ою-өрнектің сырын ашып, қолөнердің шеберлік құпияларымен бөлісті.
❇️Қыз баланың әшекейлері жайлы әдемі әңгімелер айтып, ұлттық мәдениетке қызығушылық тудырды.
⚜️Атамыз:
❇️Қазақтың ұлттық ойындары мен асық ату туралы қызықты хикаялар айтып, ертегідей әсер қалдырды.
❇️Балаларға өсиет айтып, жүрекке жылы тиер ақ батасын берді.
🔆Осындай тағылымы мол шаралар балалық жүректе ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті арттыра түседі! 💫👏
#ДаналықБұлағы #ҰлттықҚұндылықтар #ЖайлыМектеп 🌺”
