COMFORT SCHOOL AWARD – 2025
Оқушы жетістігі мен ұстаздық шабыттың салтанаты!
Жайлы мектебімізде “COMFORT SCHOOL AWARD – 2025” атты салтанатты марапаттау кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Бұл – білім, өнер және спорт саласында биік белестерді бағындырған оқушыларымыздың және оларға бағыт беріп, шабыт сыйлаған ұстаздарымыздың еңбегін құрметтеу кеші болды.
Жетістігімен қуантқан оқушыларымыз келесі аталымдар бойынша марапатталды:
🔹 Халықаралық робототехника сайысына жолдама алған оқушылар
🔸 Республикалық пәндік олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары
🔹 Мамандандырылған шығармашылық және ғылыми байқаулардың қалалық және облыстық кезеңдеріндегі жүлдегерлер
🔸 Республикалық “Дарабоз” байқауының жеңімпаз биші қыздары
🔹 Республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі спорт шеберлері мен чемпиондар
Бұл – тек жекелеген жетістік емес, бұл – мектеп қабырғасындағы жүйелі тәрбиенің, ұстаз бен ата-ананың, ең бастысы, оқушының қажырлы еңбегінің нәтижесі!
⸻
Кештің екінші жартысында кәсібіне адал, жүрегімен қызмет ететін үздік ұстаздарымыз марапатталды.
🔹«Оқу жүйесінің навигаторы»
🔸«Сапа мен серпін символы»
🔹«Тәрбиелік орданың генераторы»
🔸«Эмоцияны кадрмен сөйлеткен психолог»
🔹«Үздік бірлестік жетекшісі»
🔸«Үздік бастауыш сынып жетекшісі»
🔹«Жүрекпен жетелеуші жетекші»
🔸«Өнер әлемінің шебері»
🔹«Қоғамдық жұмыстардың жанашыры»
🔸«Биотехнология шебері»
🔹«Физика ғажайыбының шебері»
🔸«Өнердегі талантты ұстаз»
🔹«Кәсіби жолдың жаңа үміті»
🔸«Қазына көзінің иесі»
🔹«Жүрекпен оқытқан ұстаз»
🔸«Сабақ шебері»
Сондай-ақ, қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі кәсіби байқауларға қатысып, пәндік олимпиадалар мен шығармашылық байқауларда педагогикалық шеберлігін көрсеткен ұстаздарымыз да арнайы марапаттарға ие болды.
Олардың бұл жетістігі – үздіксіз даму мен жаңашылдыққа ұмтылған еңбектің айғағы!
Ұстаз бен шәкірттің бірлігі – ұлт болашағының берік негізі!
Барлық марапат иелеріне алғысымыз шексіз!
Сіздер – еліміздің рухани тірегі, болашақтың жол көрсетушісісіздер!
#ComfortSchoolAward2025
#ОқушыЖетістігі
#ҰстазМәртебесі
#ЖайлыМектеп
#ЖетістікКеші
#БілімЖәнеШабыт
