Skip to content

БОЛАШАҚҚА ЖАСЫЛ ЖОЛ — БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ЖОЛ! 🌍🌱 📅 5…

БОЛАШАҚҚА ЖАСЫЛ ЖОЛ — БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ЖОЛ! 🌍🌱

📅 5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай
🌿 Жайлы мектебінде “Жазғы инженерлік тынығу лагері” аясында ерекше экологиялық бастама жүзеге асты. Табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаға өз үлестерін қосу мақсатында Инженерлік тынығу лагерінің оқушылары мектеп ауласына 50 түп терек ағаштарын отырғызды.

🔬 Биоквантум зертханасының жас ізденушілері табиғатқа деген ғылыми көзқараспен қарап, экологиялық тәрбие мен жауапкершілікті өз істерімен дәлелдей білді. Бұл жас ұрпақтың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.

🌳 Бұл игі шара табиғатты аялауға, сүюге, оны болашақ ұрпақ үшін сақтауға тәрбиелейді.

👏 Табиғатқа қамқорлық танытқан барлық оқушылар мен ұйымдастырушыларға шексіз алғыс білдіреміз!
Бірге болсақ — табиғатты қорғай аламыз!

#ЖайлыМектебі
#ЭкологияКүні
#ЖазғыЛагерь2025
#ҚоршағанОртаныҚорғайық
#ЭкологиялықМәдениет

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *