🎉 БІЗ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫМЫЗ! 🚫💊
📢 Бүгін мектебімізде Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокурорлары Мустафаева Гүлдана Рүстемовна мен Серікбай Абылайхан қонақта болып, 8-10 сынып оқушыларымен “НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!” атты маңызды кездесу өткізді.
🔹 Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдерді нашақорлықтың зияны туралы хабардар ету, құқықтық жауапкершілікті түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
🔹 Прокурорлар есірткі қолданудың адам денсаулығына, болашағына, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсерлері туралы айтты.
🔹 Оқушыларға заң тұрғысынан түсіндірме беріліп, есірткінің таралуы мен оны пайдаланудың құқықтық салдары жайлы нақты ақпараттар ұсынылды.
🔹 Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан маңызды жауаптар алды.
🏆 Кездесу соңында “МЕН ЕСІРТКІСІЗ ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫН” атты қалалық эссе байқауының жеңімпазы 8-сынып оқушысы Абуғали Інжу Қызылорда облысы прокуратурасының алғыс хатымен және бағалы сыйлығымен марапатталды! 🎖️🎁
👏 Бұл кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оларды саналы таңдау жасауға, дұрыс жолды таңдауға ынталандырды. Біз – салауатты өмір салтын қолдаймыз! 💪✨
#ЕсірткігеЖолЖоқ 🚫 #СалауаттыӨмірСалтынТаңдаймын 💙 #БолашағымызЖарқын ✨
