📌 БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА 📌
Жайлы мектебімізде «Қысқы демалыс кезіндегі баланың қауіпсіздігі» тақырыбында маңызды жиналыс өткізілді.
Күн тәртібі:
1️⃣ Баланы тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі. Отбасы құндылығы.
🔷Ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызы мен отбасы құндылықтарының рөлі талқыланды.
2️⃣ Оқушының қауіпсіздігі. Құқықбұзушылықтың алдын алу.
🔷Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша нұсқаулықтар берілді.
3️⃣ 2-тоқсан қорытындысы және білім сапасына талдау.
🔷Оқу нәтижелері мен білім сапасына талдау жасалды.
4️⃣ Қысқы демалысты тиімді ұйымдастыру.
🔷Баланың уақытын пайдалы әрі мазмұнды өткізудің жолдары талқыланды.
💡 Нәтиже:
Ата-аналар жиналысқа белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Қысқы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі мен дамуына ерекше назар аудару қажеттілігі атап өтілді.
📢 Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ міндетіміз!
Құрметпен,
Жайлы мектеп әкімшілігі.
#ЖайлыМектеп
#АтаАнаМенБала
#ҚысқыДемалыс
#БалаларҚауіпсіздігі
#БілімМенТәрбие
#БіздіңБолашақ
