Skip to content

✨✨✨ БАЛА БАҚШАДАН — ЖАЙЛЫ МЕКТЕПКЕ ЖЫЛЫ ҚАДАМ! ✨✨✨ Жайлы…

✨✨✨ БАЛА БАҚШАДАН — ЖАЙЛЫ МЕКТЕПКЕ ЖЫЛЫ ҚАДАМ! ✨✨✨

Жайлы мектебімізде ерекше көңіл-күй мен шынайы ықыласқа толы қонақ күту сәті өтті!
Қонағымыз – Қызылорданың ең сүйкімді балабақшаларының бірі “Ханшайым ана” ұжымы болды 👑

Жайлы мектеппен танысу барысында қонақтарымыз:
📚 – тыныштық пен білім тоғысқан кітапханамен,
✏️ – оқушы дамуына негізделген сабақ үрдісімен,
⚽ – сергектік пен қозғалысқа толы спорт залымен,
🤖 – балалардың логикасын дамытатын робототехникамен,
🎨 – шығармашылық әлеміне жол ашатын үйірме жұмыстары және мектептің басқа да маңызды бағыттарымен танысты.

Бұл кездесу — тек танысу ғана емес, ортақ болашаққа жасалған сенімді қадам!
Мектеп пен балабақша арасындағы осындай байланыстар бала дамуының үздіксіз болуына үлкен үлес қосады.

“Ханшайым ана” ұжымына алғысымыз шексіз! Сіздермен бірге – бала болашағы жарқын боларына сенеміз!

#ЖайлыМектеп
#ХаншайымАна
#Сабақтастық
#БалаБақытынБіргеҚұрайық
#БілімЖолы
#ҚонақКүні
#МектепкеСаяхат
#БолашақҚадамы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *