Skip to content

*АБАЙ ЖОЛЫМЕН: ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК* Жайлы мектебімізде…

*АБАЙ ЖОЛЫМЕН: ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК*

Жайлы мектебімізде Мектеп Парламентінің ұйымдастыруымен ұлы ақын, ғұлама ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған “ТИМБИЛДИНГ” байқауы өткізілді.

Оқушыларымыз Абайдың өмірі мен мұрасын тереңірек танып, “ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек” ұстанымдарын ойын арқылы бойына сіңірді. Әр кезең – танымдық, шығармашылық және топтық бірлікті арттыруға бағытталды.

Бұл күн — оқушылар үшін рухани серпіліс пен достықты нығайтқан жарқын естелікке айналды!

Абайды тану – өзіңді тану. Абай жолымен жүріп, жүрекпен сезінейік!

#Абай180 #АбайЖолымен #ЖайлыМектеп #МектепПарламенті #Тимбилдинг #РуханиЖаңғыру #ЫстықҚайратНұрлыАқылЖылыЖүрек

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *