Skip to content

БАЛА ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН❗️ ⚜️Қазақстан Республикасының Оқу -…

БАЛА ЕҢБЕГІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ 12 КҮН❗️

⚜️Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Балалардың еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілуде.
❇️12 маусым-Халықаралық бала еңбегін қанауға қарсы күн. Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне адамдардың бұл мәселе жайында хабары болмауымен, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер зиянын білмеуімен сипатталады. Жаз болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін әке-шешелер бар қоғамда. Бұл шерде зардап шегетін бала.
Бала еңбегін қанау мәселесі бүкіл әлемде орын алып отыр. Бала еңбегі баланың дене дамуы мен психоәлеуметтік дамуына үлкен, кейде оңалмайтын нұқсан келтіреді. Баланың дұрыс дамып жетілуіне ата-ана жауапты. Сондықтан да бала жазғы демалыс уақытында ата-анасы және бауырларымен көңілді де қызықты, яғни есте қаларлықтай ғып өткізуі керек.
✅Ата-аналарға кеңестер :
🔹Баланың ең алдымен демалыс уақытын дұрыс ұйымдастыруға көңіл бөлулеріңіз керек;
🔸Жазғы демалыс уақытына алдын ала жоспарлап, бала ойын білуіңіз қажет;
Балаңыздың үнемі қасыңызда болуына көбірек көңіл бөліңіз;
🔹Баланы демалуға ауылдық жерге жіберерде қажетті нұсқаулықтарды ескеріңіз;
🔷Баланың жаз мезгілінде жақсы дем алуына күш салыңыз.

#жайлымектеп
#bilimkzo

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *