Skip to content

🔧 ЖАЙЛЫ МЕКТЕБІМІЗДЕ “ЖАЗҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІНІҢ ” ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ…

🔧 ЖАЙЛЫ МЕКТЕБІМІЗДЕ “ЖАЗҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІНІҢ ” ЖАБЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ! 🌟

Оқушыларымыз жазғы демалысты тиімді пайдаланып, инженерлік мектептің 8 бағыты бойынша алған білімдері мен тәжірибелерін ортаға салып, өз жобалары мен жаңалықтарын таныстырды. Әр бағытта олар шығармашылықпен жұмыс істеп, теорияны тәжірибемен ұштастыра білді.

Салтанатты кеш барысында оқушылар инженерлік лагерде алған әсерлерімен бөлісіп, бағыттық жетекшілері мен ұстаздарына шын жүректен алғыстарын білдірді. 🧑‍🏫💐

🔬🧠📐 Жазғы инженерлік лагерь — болашақ инженерлердің алғашқы қадамы ғана емес, олардың ой-өрісін кеңейтіп, ғылыми-техникалық салаға деген қызығушылығын оятқан маңызды кезең болды.

Іс-шара соңында лагерь жұмысына белсенді қатысып, ерекше ынта-жігер танытқан оқушылар мен үнемі қолдау білдірген ата-аналарға Алғыс хаттар табысталды. 🌟

Бұл жылы лебіздер мен ризашылықтар қатысушылардың көңілінен шығып, жазғы лагерьдің ұмытылмас сәттерінің біріне айналды. 💌

📍 Жайлы мектеп — баланың дамуына қолайлы орта!

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *