🇰🇿 РӘМІЗДЕР КҮНІ — ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ! 🇰🇿
📍 Бүгін, 4 маусым күні, Жайлы мектебіміздің Жазғы инженерлік тынығу лагерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған тағылымды іс-шара өтті.
🔹 Шара барысында оқушыларға Елтаңба, Ту және Әнұранның шығу тарихы мен маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
🔹 Мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, отансүйгіштік пен ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мақсатында патриоттық әндер айтылып, танымдық викториналар мен шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды.
🔹 Балалар өз қолдарымен Тудың бейнесін салып, рәміздерге арнап өлеңдер оқыды.
🇰🇿 Бұл күн — әрбір қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш пен рухты оятатын ерекше мереке!
Балалар өз Отанын сүюдің, елінің нышандарына құрметпен қараудың маңызын терең түсінді.
#ЖайлыМектебі
#ЖазғыЛагерь2025
#РәміздерКүні
#МеніңТуым
#Елтаңба
#Әнұран
#ОтанСүйгіштік
#БалаларЖазғыДемалысы
