Skip to content

Құрметті әріптестер, қадірлі ата-аналар мен оқушылар! Сіздерді 4 маусым –…

Құрметті әріптестер, қадірлі ата-аналар мен оқушылар!

Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – халқымыздың тәуелсіздігін, бірлігін және елдігін айшықтайтын маңызды мереке. Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігі мен болашағына деген сенімнің, патриоттық рухтың нышаны. Олар – әрбір азаматтың жүрегінде мақтаныш пен жауапкершілік сезімін ұялататын қасиетті құндылықтар.

Бұл күн – өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, ұлттық бірлік пен рухани тұтастықты қалыптастырудың жарқын үлгісі.

Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанның мәртебесі асқақтай берсін!
Баршаңызға мықты денсаулық, толағай табыстар мен бейбіт өмір тілейміз!

Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

Құрметпен: Жайлы мектеп ұжымы

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *