🔬”РОБОКВАНТУМ” ЗЕРТХАНАСЫНДАҒЫ ЕРТЕ КӘСІБИ БАҒДАРҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ САБАҚ! 🚀
Жайлы мектебіміздің Жазғы инженерлік тынығу лагерінің оқушылары үшін “Робоквантум” зертханасында танымдық сабақ ұйымдастырылды.
📌 Сабақ барысында:
🔸Lego Spike роботтарын құрастырып, еркін тақырыпта түрлі инженерлік тапсырмаларды орындады;
🔹Теңіз астына саяхат зерттеу картасы мен арнайы роботтар арқылы жобалық тапсырмалармен танысты;
🔹VR көзілдірігімен виртуалды шындық әлемін зерттеді;
🔹SIMUBOT “DOBOT” роботын бағдарламалау арқылы түстерді ажырату мен белгілі ретпен жинау дағдыларын меңгерді;
🔸3D принтердің жұмыс істеу процесі мен оның нәтижелерімен танысып, технологиялық өндірістің алғашқы қадамдарын көрді.
🌟 Бұл сабақ оқушылардың инженерлік және техникалық қабілеттерін дамытумен қатар, оларды заманауи мамандықтармен ерте таныстырып, болашақ мамандық таңдауға бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.
#ЖайлыМектеп #ЖазғыЛагерь2025 #Робоквантум #ТанымдықСабақ #STEMбілім #ЕртеКәсібиБағдар #ИнженерлікЛагерь #БалаларжәнеТехнология
