🧬💥 ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТЕ – ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМ, БОЛАШАҚҚА БАСТАМА! 💥🧬
ЖАЗҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІНДЕ өскелең ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, зерттеушілік қабілетін дамыту және ЕРТЕ КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ мақсатында ерекше шебер сынып ұйымдастырылды.
🔬 “Биоквантум” зертханасында өткізілген сабақтарда оқушылар:
🧫 Биотехнологиялық зерттеулермен танысып, жасушалық деңгейдегі үдерістерді бақылап, тірі ағзалар мен микроағзалардың құрылымын зерттеді.
⚗️ Химиялық реакциялар тізбегін жасап, түрлі заттардың өзара әрекеттесуін тәжірибе жүзінде көріп, ғылыми гипотезалар құрып, қорытынды жасауға машықтанды.
🧪 Ғылымға негізделген бұл жұмыстар балалардың логикалық ойлауын, зерттеу жүргізу дағдысын, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.
🎯 Ерте кәсіби бағдар — оқушының болашақ мамандығын дұрыс таңдауға бағыт беретін маңызды қадам. Мұндай сабақтар арқылы оқушылар өз қызығушылығын нақтылап, биотехнолог, химик, зерттеуші, инженер сынды болашақ кәсіптеріне алғашқы қадам жасайды.
✨ Зертхана — тек тәжірибе орны ғана емес, арман мен мақсат түйіскен кеңістік.
🔭 Болашақ ғалымдардың көзіндегі сенім мен жігер — еліміздің ертеңгі жарқын болашағының кепілі!
🚀 ЖАЙЛЫ МЕКТЕП — БОЛАШАҚ ҒАЛЫМДАР МЕН ИНЖЕНЕРЛЕРДІҢ ҰЯСЫ!
#ЖайлыМектеп #ЖазғыИнженерлікЛагерь #Биоквантум #Биотехнология #ХимиялықРеакциялар #ЕртеКәсібиБағдар #ҒылымҒаламы #STEMбілім #ШеберСынып #БолашақҒалымдар #КәсіпТаңдау #ЖаңашылБілім
