🏫 «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» БАЗАСЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ ИНЖЕНЕРЛІК ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІНДЕ ҚЫЗЫҚТЫ ОЙЫНДАР МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ТОЛЫ КҮНДЕР ӨТУДЕ! 🌞
Оқушылар лагерь аясында өз уақыттарын тиімді әрі мазмұнды өткізіп жатыр. Бағдарлама шеңберінде ұйымдастырылған:
🔹 Қызықты командалық ойындар
🔹 Логикалық ойлау мен тапқырлықты дамытуға бағытталған жаттығулар
🔹 Қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыратын жарыстар
🔹 Асфальтқа сурет салу секілді шығармашылық шаралар
балалардың танымдық қабілеттерін арттырып, ой-өрісін кеңейтуде.
🎨 Түрлі-түсті борлармен асфальтқа салынған суреттер балалардың қиялы мен өнерге деген қызығушылығын оятты.
📌 Әр күн – жаңа әсерлер мен достыққа, ынтымақтастыққа толы!
#ЖайлыМектеп #ЖазғыЛагерь2025 #ҚызықтыОйындар #АсфальтқаСурет #ШығармашылықКүндер #ИнженерлікЛагерь
