АБАЙ ЖОЛЫМЕН: ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК
Жазғы инженерлік лагерь аясындағы тимбилдинг
Бүгін Жайлы мектебімінің жазғы инженерлік лагерінде оқушылар үшін рухани және физикалық серпіліске толы ерекше күн өтті.
Абай Құнанбайұлының «Толық адам» ілімі негізінде ұйымдастырылған тимбилдинг ойындары мен спорттық эстафеталар балалардың жан-жақты дамуына жол ашты.
Шара мақсаты – оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық және физикалық әлеуетін үйлесімді дамыту.
Тимбилдинг барысында қатысушылар топтық үйлесімділік, сенімділік пен көшбасшылық қабілеттерін шыңдаса, спорттық эстафетада – шыдамдылық, шапшаңдық және ынтымақты іс жүзінде көрсетті.
Ыстық қайрат – жеңіске деген жігер,
Нұрлы ақыл – ойлы қадам мен шешім,
Жылы жүрек – достық пен құрметтің негізі.
Жайлы мектебі – бала бойындағы осы үш қасиетті бір арнаға тоғыстыруды мақсат етеді.
#ЖайлыМектебі #ЖазғыЛагерь2025 #АбайЖолымен #ТолықАдам #Тимбилдинг #СпорттықЭстафета #ЫстықҚайрат #НұрлыАқыл #ЖылыЖүрек
