Skip to content

🌈*FAMILY FEST: БІРЛІК, СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ🚀* 🌟*ҮШТІК ОДАҚ ҮНДЕСТІГІ: МЕКТЕП,…

🌈*FAMILY FEST: БІРЛІК, СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ🚀*

🌟*ҮШТІК ОДАҚ ҮНДЕСТІГІ: МЕКТЕП, ОҚУШЫ, АТА-АНА* 🤾🏻‍♂️Жайлы мектебімізде Бастауыш сынып пәні бірлестігінің “Бастауыш білім негізі” атты апталығы аясында “Мен және менің отбасым” атты отбасылық эстафета ұйымдастырылды.

🌟⚽️Іс-шараның басты мақсаты – үштік одақ: мектеп, ата-ана және оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ спорттың – денсаулық кепілі екенін насихаттау. Эстафета барысында әр отбасы түрлі шығармашылық және спорттық сайыстарда өз шеберліктерін көрсетіп, белсенділік танытты.

🎯✨Балалардың күлімдеген жүздері мен ата-аналардың белсенді қатысуы іс-шараның ерекше әрі мағыналы өткенін айқын көрсетті. Осындай ортақ шаралар отбасы құндылықтарын дәріптеп, мектеп қауымдастығын одан әрі жақындастыра түседі.🫂

🏆Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және осындай шаралар біздің мектебімізде әлі де жалғасын табады деп сенеміз!💐💐💐

#БастауышБілім #МенЖәнеМеніңОтбасым #ҮштікОдақ #СпортДенсаулықКепілі #ЖайлыМектеп #bilimkzo #mektep290

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *