🇰🇿🇺🇸🇷🇺 МӘҢГІЛІК ЕЛ МҰРАСЫ: ТІЛ,ТАРИХ, МӘДЕНИЕТ
LEGACY OF ETERNAL NATION: LANGUAGE. HISTORY. CULTURE.
🎨🌐Жайлы мектебінде «Мәңгілік ел құндылықтары: тарих, мәдениет және тіл тұтастығы» атты қоғамдық-гуманитарлық пәндер апталығының ашылу салтанаты өтті. Апталықтың мақсаты – оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, тарих пен мәдениетке терең бойлауына ықпал ету және мемлекеттік тілді дәріптеу.
🚀💫Іс-шара барысында мектеп ұжымы мен оқушылар арнайы бағдарламамен танысып, тақырыптық көрмелер, танымдық кездесулер мен шығармашылық байқаулар жоспарланғаны хабарланды. Ашылу барысында оқушылар патриоттық әндер шырқап, әдеби монтаж қойылымдарын орындады.
🌟Апталық аясында оқушылар мен ұстаздарға еліміздің тарихи мұралары мен мәдениетіне арналған түрлі іс-шараларға белсенді қатысу ұсынылды.
#МәңгілікЕл
#ТарихТілМәдениет
#ҰлттықҚұндылықтар
#РуханиЖаңғыру
#БірліккеБастарЖол
#ҰлыДалаМұрасы
#МәдениетЖәнеТіл
#ТәуелсізҚазақстан
#BrightFuture
#UnityAndCulture
#HeritageOfTheSteppe
