Skip to content

🌟 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ! 🌟 📌 Елордамызда өткен «Педагогикалық…

🌟 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ! 🌟

📌 Елордамызда өткен «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық байқауында мектебіміздің мақтанышы, математика пәнінің ұстазы Әлжанова Әйгерім Зейнұллақызы «Қаржылық сауаттылық» бағыты бойынша 3-орын жеңіп алды! 🏆

💡 Әйгерім Зейнұллақызының инновациялық идеялары мен заманауи тәсілдері білім беру саласына тың серпін беріп, оқушыларды қаржылық сауаттылыққа баулуда үлкен үлес қосып отыр.

🎉 Бүгін мектеп әкімшілігі, әріптестері мен шәкірттері жеңімпаз ұстазымызды салтанатты түрде құттықтап, үлкен құрметпен қарсы алды.

👏 Құрметті Әйгерім Зейнұллақызы, Сізге шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және алда жаңа белестерді бағындыруды тілейміз! Біз Сізбен әрдайым мақтанамыз!

#Панорама2024
#ҰстазМақтанышы
#ЖарқынЖеңіс

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *