📖 *ОҚУҒА ҚҰШТАР МЕКТЕП: ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ*! ✨
💡 Қысқы демалыс – шабыт пен даму кезеңі!
Жайлы мектебімізде оқушыларымыздың қысқы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында, жас ақын, жазушы М. Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжінің студенті Берік Алтынай Айбекқызымен кездесу өткізілді.
🌟Қонағымыз – ақын, жазушы Берік Алтынай Айбекқызы оқушылармен әсерлі әңгіме өрбітіп, шығармашылық жолының сырларын бөлісті.
📚 Кездесу барысы:
🔹 Алтынай Айбекқызының әдебиетке алғашқы қадамы жайлы әсерлі әңгімесі
🔹 Оқушылардың қызықты сұрақтары мен шынайы пікір алмасу
🔹 Жас буынға мотивация мен шабыт сыйлаған жылы лебіздер
🌟 Мұндай кездесулер оқушыларымыздың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, жаңа мақсаттар қоюға мүмкіндік береді.
Алтынай Айбекқызына шынайы алғысымызды білдіреміз! 💐
Осындай игі шаралар әлі де жалғасын табады.📌
#ЖайлыМектеп
#ОқуғаҚұштарМектеп
#ӘдебиетӘлемі
#БерікАлтынайАйбекқызы
#ШығармашылықКездесу
#ШабытШаңырағы
#БілімгеЖол
