СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІ — ЖАС ҰРПАҚҚА ТӨНГЕН ҮЛКЕН ҚАУІП!
Жайлы мектебінде 7-10 сынып оқушыларына арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары аясында маңызды кездесу өтті.
Кездесуге Қызылорда қалалық полиция басқармасының ЖПҚБ ЮПБ УПИ-ры, полиция аға лейтенанты Примжарова Фариза және мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Садықов Жомарт қатысты.
Іс-шара барысында оқушыларға қоғамдағы өзекті қауіптер мен олардың салдары туралы жан-жақты ақпарат берілді:
• Синтетикалық есірткі заттарының зияны және олардың адам өміріне қауіптілігі;
• Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығы;
• Суға шомылу маусымында орын алуы мүмкін оқыс жағдайлардың алдын алу жолдары;
• Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың (ұрлық, төбелес, вандализм) салдары және заң алдындағы жауапкершілік;
• Буллинг пен кибербуллингтің психологиялық және құқықтық салдары;
• Интернет алаяқтықтан сақтану және цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Мақсат — жас ұрпақты теріс әрекеттерден, құқық бұзудан, зиянды заттардан сақтандыру, олардың бойында құқықтық сананы және жауапкершілікті қалыптастыру.
Жайлы мектебі — біліммен бірге тәрбие мен қауіпсіздікті қатар қояды!
Осындай іс-шаралар — өскелең ұрпақты саналы азамат етіп тәрбиелеудің кепілі.
#СинтетикалықЕсірткігеЖолЖоқ
#ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу
#ҚауіпсізЖаз
#БуллингкеҚарсы
#ЖайлыМектебі
#ПрофилактикалықЖұмыс
#ЖасҰрпақҚауіпсіздігі
#біртұтастәрбие
