“МЕНІҢ АРМАНЫМДАҒЫ МАМАНДЫҚ” АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ 🎓✨
Бүгін Жайлы мектебімізде 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында “Менің арманымдағы мамандық” атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар болашақ мамандықтары туралы ой бөлісіп, өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай бағыт таңдау жөнінде маңызды ақпарат алды 📚💡.
Тәрбие сағатына Қорқыт Ата университетінің Рекрутинг және мансап бөлімінің басшысы Мырзабай Асқат Саматұлы қонақ болып, оқушыларға мамандық таңдау жолдары, еңбек нарығындағы сұраныстар мен болашақ мүмкіндіктер туралы құнды кеңестер берді 🎤💼.
Бұл кездесу оқушылардың болашаққа деген сенімін арттырып, мақсаттарын нақты айқындауға септігін тигізді 🚀🌟. Әрбір оқушы өз арманына жету жолында дұрыс қадам жасап, сүйікті кәсібін табуына тілектеспіз! 🙌💙
#ЖайлыМектебі 🏫 #МеніңАрманымдағыМамандық 🎯 #КәсібиБағдар 🔍 #БолашаққаБағыт 🚀
